№17 бөбекжайда мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың дәстүрлі технологияларымен қатар біз мекеменің мүмкіндіктеріне қарай ең тиімді, инновациялық технологияларды қолданамыз. Бұл ең алдымен АКТ технологиясы және легоқұрастыру, өйткені №17 бөбекжай заманауи ақпараттық-коммуникативтік жабдықтармен жабдықталған: әр жас тобындағы интерактивті тақталар, сенсорлық үстелдер, ноутбуктер, сондай ақ легоқұрастыру кабинеті жабдықталған. Мұның бәрі педагогтар жоғарыда аталған заманауи технологияларды тәрбиеленушілермен жұмыста тиімді қолдануға мүмкіндік береді. Педагогтар Проппа карталарын белсенді қолданады. Карталарды қолдану біздің тәрбиеленушілерге бастамашыл болуға, қарым-қатынастың әртүрлі формаларын қолдануға; сөйлеу дағдыларын, диалогтық сөйлеуді және өзара әрекеттесудің сындарлы тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.










