№ 17 бөбекжай- балабақша
сайтына қош келдіңіз
Ұйымның толық атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
Орналасқан мекенжайы: Қостанай қ., Қайырбеков к-сі, 391
Директордың аты-жөні: Абишева Р.К.
Ұйымның құрылған жылы: 2016
Жобалық қуаты: 280 орын
Мемлекеттік тапсырыс: 265 орын
Ғимарат: типтік
Жалпы ауданы: 1946 ш. м
Жылыту: орталық
Барлық мектепке дейінгі топтар: 12
Оқыту тілі: қазақ / орыс
Тәрбиеленушілер контингенті: 265 бала
Материалдық-техникалық база:
Компьютерлердің болуы: 24 бірлік.
Планшеттердің болуы: 13 бірлік
Интерактивті жабдықтар: 12 бірлік.
Принтерлер саны: 8 бірлік.
МФУ саны: 4 бірлік.
Бейне бақылау: камералар – 32 оның ішінде: сыртқы - 7; Ішкі – 25
Ғимарат мүмкіндігі шектеулі адамдарға бейімделген:
Пандус, шақыру түймесі, нашар көретіндерге арналған белгілер бар.
№17 бөбекжай- бақшасына қош келдіңіздер!
Біздің балабақша 2016 жылы құрылды.
Қазіргі уақытта,бұл мектепке дейінгі мекемеде 2-ден 6 жасқа дейінгі 12 топта тәрбиеленіп жатқан 265 бала бар. №17 б/б педагогикалық ұжымының қызметі мектепке дейінгі тәрбие және оқыту жаңартылған мазмұнына сай, сапалы деңгейде жүргізіледі. Біздің педагогтар мен тәрбиеленушілер халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқауларға белсене қатысады. Педагогтар авторлық бағдарламалар әзірлеген.
Бұл инновациалық бағдарламалар мен әдістемеліктер балаларымыздың физикалық, интеллектуалдық, әлеуметтік және эстетикалық дамуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Біздің балабақшада балалардың дамып жетілуіне жағдай жасалған Балабақшада балалардың психологиялық көңіл-күйі мен эмоционалды дамуына аса назар аударылады. Біздің жұмысымыздың негізгі бағыты – әр балаға құрметпен қарау.
Біздің балабақша оқыту процесін ұйымдастырып қана қоймай, өз елінің құндылықтарын, тарихын және дәстүрлерін меңгерген азаматты тәрбиелейді. Біз балаларға шығармашылық және өздігінен ойлануға қабілетті ішкі жоғары мәдениетке ие болуды үйретеміз.
Біз сіздерді және сіздердің бүлдіршіндеріңізді қуана қарсы аламыз!










