Балабақшамызда балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауға үйрету мақсатында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы ұйымдастырылды.
Акция барысында тәрбиеленушілер тәрбиешілерімен бірге балабақша ауласын тазалап, жапырақтарды жинап, қоқыстарды арнайы қаптарға салуға қатысты.
Балалар еңбекке араласа отырып, табиғатты қорғаудың, тазалық сақтаудың және қоршаған ортаға ұқыпты қараудың маңызын түсінді.
«Теренкур — біздің бақшамыз» жобасы | «Мерей» тобы
Біздің бақшамыз терезе алдындағы кішкентай дәннен басталып, нағыз бақшадағы мол өнімге ұласты!
Жоба аясында балалар өсімдіктерді өз қолдарымен отырғызып, күтім жасап, бақшаға көшет отырғызды және өнім жинады.
Еңбек, білім және қуаныш — бәрі бірге!
«Арай» кіші топтың бүлдіршіндері «Жасыл балабақша» жобасы аясында терезе алдында өздерінің шағын бау-бақшасын ұйымдастырды. «Жасыл балабақша» жобасы аясында балалар пиязды топыраққа отырғызып,оған су құю арқылы өсімдікті күту жолдарымен танысты. Бұл жұмыс бүлдіршіндердің табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, еңбекке баулуға және ұсақ қол моторикасының дамуына ықпал етеді. Іс-әрекет барысында балалар ұқыптылыққа, жауапкершілікке үйреніп, өз қолдарымен жасаған еңбектеріне қуанды Кішкентай қолдар – үлкен іс бастамасы!
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/zhasyl-balaba-sha.html#sigFreeIdb1bf498f76
Терренкур кабинетінде балалар қызығушылықпен дидактикалық ойындар ойнап, табиғатқа қамқорлық жасауды үйренді — гүлдерді суарып, оларды күтіп-баптады
Сонымен қатар, балалар балықтарды бақылап, оларды тамақтандырды. Бұл олардың тірі табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырды
Осындай іс-әрекеттер балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін дамытады
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/zhasyl-balaba-sha.html#sigFreeId5ffd5bc036
Терренкур білім беру жобасында ортңғы "Достық" тобында балалардың экологиялық тәрбиесін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған оқу іс әрекеті өтті, сонымен қатар табиғатқа қамқорлық жасауды, гүлдерге күтім жасауды жалғастырудамыз.










