«Әжелер мектебі» жобасы аясында балабақшамызда «Салауатты өмір салтын қолдайтын әжелер» тақырыбында ерекше коллаждар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қатысқан әжелеріміз өздерінің белсенді өмір салтын насихаттап, спортпен шұғылдану, таза ауада серуендеу, дұрыс тамақтану және немерелерімен бірге уақыт өткізудің маңызын көрсетті. Әрбір жұмыс мейірімге, қамқорлыққа және отбасы құндылықтарына толы болды. Осындай өнегелі істер арқылы өскелең ұрпаққа салауатты өмір салтының маңызы дәріптелуде. Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен шығармашылықтары үшін алғыс білдіреміз! .
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/ata-analarmen-zh-mys.html#sigFreeId26687c3fb0
Әжелер мектебі.
Ең жылы сәттер әжеммен бірге өтеді
Әжемен бірге уақыт өткізу - бұл жай серуендеу немесе шай ішу емес; бұл қамқорлыққа, даналыққа және сүйіспеншілікке толы шынайы өмір сабақтары.
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/ata-analarmen-zh-mys.html#sigFreeId22b8075ae3
Әжелер мектебі.
Ең жылы сәттер әжеммен бірге өтеді
Әжемен бірге уақыт өткізу - бұл жай серуендеу немесе шай ішу емес; бұл қамқорлыққа, даналыққа және сүйіспеншілікке толы шынайы өмір сабақтары.
Ортаңғы «Бәйтерек» тобында «Отбасы» тақырыбында әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында балалар отбасы туралы түсініктерін кеңейтіп, оның маңызы мен әрбір отбасы мүшесінің рөлі туралы білді. Гендерлік тәрбиеге ерекше көңіл бөлініп, ұлдар мен қыздарға деген құрмет, өзара көмек көрсету дағдылары қалыптастырылды.
Сонымен қатар, отбасылық демалыс пен бірге уақыт өткізу туралы әңгіме жүргізілді. Балалар өз отбасыларымен қалай уақыт өткізетіндері жайлы бөлісіп, бұл олардың отбасылық құндылықтарын нығайтуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және жағымды эмоциялар алуға ықпал етті.
Біздің балабақшада Наурыз мерекесіне орай әкелердің қатысуымен «Ұлттық ойындар жарысы» атты жарқын да әсерлі іс-шара өтті
Әкелер ұлттық ойындарға белсене қатысып, өздерінің ептілігін, күш-жігерін және ұйымшылдығын көрсетті. Іс-шара көңілді күлкіге, шаттыққа және мерекелік көтеріңкі көңіл-күйге толы болды
Ортаңғы „ Жидек» тобында ата ө аналар жиналысы „3-4 жастағы балалардың жас ерекшеліктері» тақырыбында өтті.
Адамгершілік ережелер мен құндылықтар жөніндегі ұғымдарды нақтылай отырып,
балалар бойында тек жақсылық, ынта-ықылас туғыза отырып, жағымды эмоциялық жағдай қалыптастыру.
Денсаулық күні №17 бөбекжайда
Бүгінгі күннің басты кейіпкерлері – біздің сүйікті аналарымыз
Олар өз үлгісімен спорт – бұл күш, денсаулық және керемет көңіл-күй сыйлайтынын дәлелдеді! ️
Аналардың энергиясы мен күлкісі мерекеге шынайы жылулық пен шаттық сыйлады.
Белсенділігі, жанашырлығы және шабыт бергені үшін аналарымызға алғыс айтамыз! ️
Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біздің балабақшада «Анаммен бір ән» атты жарқын және әсерлі вокалдық байқау өтті, ол барлық қатысушылар мен көрермендерге жағымды эмоциялар сыйлады. Байқауға балабақша бүлдіршіндері аналарымен бірге қатысты. Қатысушылар дуэт болып орындаған әсем де жүрекжарды әндер дайындады. Әрбір қойылым ерекше болды: балалар мәнерлеп ән айтты, ал аналары оларды сахнада қолдады. Көптеген балалар үшін бұл олардың аналарымен алғаш рет сахнаға шығуы болды, бұл сәтті ерекше әсерлі және есте қаларлықтай етті. Жарыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Бірақ ең маңызды марапат – балаларына деген қуаныш, күлкі, мақтаныш болды.
2026 жылғы 04 наурызда балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық аясында болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналарына арналған ата-аналар жиналысы өтті. "№11 жалпы білім беретін мектеп" КММ директоры және "№9 жалпы білім беретін мектеп"КММ директорының оқу работе жөніндегі орынбасары оқу бағдарламасы, табысты ауысу үшін отбасы мен мектеп арасында әріптестік қарым - қатынас құру қажеттілігі, бөбекжай - балабақшаның педагог - психологы-психологиялық дайындықтың маңыздылығы туралы айтып берді.
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/ata-analarmen-zh-mys.html#sigFreeId08000a7985
Педагогтердің құқықтық сауаттылығын арттыру, ҚР құқықтық өрісі шеңберінде өз құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін нақты түсінуді қалыптастыру мақсатында" Қазақстан Республикасының педагогы және Заңы" семинары өтті
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/ata-analarmen-zh-mys.html#sigFreeIda6ea44b43c
«Тілге бойлау» және «Аналар мектебі» жобалары аясында бүгін бөбекжайымызда аналармен кездесу өтті. Қатысушылар қазақ тіліндегі сөздік қорын кеңейтіп, онлайн тест тапсырып, қызықты практикалық тапсырмаларды орындады.Кездесу жылы атмосферада өтті! Тәрбиеленушілердің аналарына белсенді қатысқандары үшін алғыс айтамыз!!!!
Ата-анамен бала-бақша арасындағы тығыз қарым-қатынас, бірлік, ынтымақ жарасым тапқан жағдайда оның бала тәрбиесіне тигізетін ықпалы да нәтижелі болмақ. “Үндестік” областық жобасын дамыту мақсатында логопед маманы ата-анамен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Бөбекжаймыз өзінің ата - аналармен жұмысын "Үндестік" облыстық жобасы негізінде жүзеге асырады. Барлық жас топтарында ата - аналар жиналысы топтық жұмыстың инновациялық түрлерінде өткізілді. Ата - аналар жиналысы "Мерей" тобында "кофе - монинг кездесу", "ата - ананың қонақ белмесі" форматында өтті. Басқа топтарда "Біз біргеміз" тимбилдингі (командаларда ойын түрінде), бірлескен театр қызметі түрінде, "Бір - бірімен кездесу" бағыты бойынша өткізілді. Ата - аналарға ойын түрінде өткізілген кездесулер ұнады. Олар педагогтармен ойнап қана қойған жоқ, өз балаларының жетістіктері мен мәселелерін талқылап, әрі жиналыстың тақырыбына сәйкес әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық білімдерін кеңейтті.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | План Үндестік | |
| 2 | Алгоритм (схема) | |
| 3 | Алгоритм (текстовый) | |
| 4 | Тезисы по Үндестік |







