Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ –нің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Ханталапай» қалалық балалар байқауының 3-інші күні, 15 наурыз күні, біздің №17 бөбекжай базасында өткізілді. Оған 5 мемлекеттік және 11 жекеменшік балабақшалар қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындарды келесі бөбекжайлардың командалары өзара бөлісті:

І орын-«Айгерим-ай»,

ІІ-орын- №14 бөбекжай;

ІІІ-орын- «Бөбек» ж/б,

ІV –орын- №6 бөбекжай


 

«Ұлтымның ұлы дастаны»

 

Рухани санасын жаңғырту, туған жеріне деген сүйіспеншілік және патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында  №17 бөбекжай -бақшасында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында «Ұлтымның ұлы дастаны» атты   көрмесі болып өтті. Көрменің мақсаты: Ата – аналарымен бірлесіп бағдарламаның мақсат, міндеттерімен таныстыру, әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру, өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білу

Ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру. Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.