2022 жылдың 24 ақпаны күні №17 бөбекжай базасында «Ортаңғы жас балаларының қарапайым тәжірибелік - зерттеу жүргізе білу қабілеттерін жаңа тәсілдерді қолдана отырып қалыптастыру» тақырыбында қазақ тілінде оқытатын ортаңғы топ тәрбиешілерінің  әдістемелік бірлестігі онлайн режимінде өтті.

Ортаңғы топ тәрбиешілері Капарова Айман Дулатовна «Биік-аласа, оң жақ жақ, сол жақ» тақырыбында, Куанышева Турсун Журсуновна «Ғажайып қап» тақырыбында ашық ұйымдастырылған оқу қызметтерін өткізді. Тәрбиеленушілердің таным белсенділігін, білімпаздығын зерттеу арқылы дамытып, өз бетімен ізденіске талпындырды. Кез-келген  іс-әрекетті өз беттерімен, шығармашылықпен орындауын, жаңа қабылдау қабілеттерін қалыптастыруға тырысты. Бұл мақсаттарға жетуде жаңа тәсілдер мен технологияларды қолданды. Тәжірибелі педагог Баймуханова Айсулу Сериковна «Мнемотехника арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың оқуға деген құштарлықтарын арттыру» тақырыбында шеберлік сыныбын көрсетіп, өз  іс-тәжірибесімен бөлісті. Бөбекжайдың педагог-психологі Мазурок Наталья Владимировна ұстаздарға «Дыбысты таңда» жаттығуын өткізді.

Отырыс аясында тәрбиешілер мектепке дейінгі білім берудің оң үрдістерін, одан әрі жұмыс істеу перспективаларын атап өтті.