Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабында азаматтардың денсаулығын сақтауға құқығы бекітілген.
Ата-аналарға кеңес:
Баланы дұрыс тамақтануға үйретіңіз.
Күнделікті дене жаттығуларын жасаңыз.
Таза ауада серуендеңіз.
Жеке бас гигиенасын сақтаңыз.
Балаларға салауатты өмір салтын өз үлгіңізбен көрсетіңіз.
Отбасында мейірім мен қолдауды қалыптастырыңыз.
Есте сақтаңыз! Салауатты отбасы – бақытты отбасы, дені сау ұрпақ – ел болашағы!









