Біздің балабақшада Республика күніне орай «Ұлттық ойындар алаңы» атты спорттық жарыстар өткізілді!
Республика күні мерекесіне орай балабақшамызда балалардың қатысуымен «Ұлттық ойындар алаңы» атты қызықты спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – балалардың қазақ халқының ұлттық ойындарына деген қызығушылығын арттыру, ұлттық мұрамызды дәріптеу, балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамыту, өзара қарым-қатынас жасау мәдениетін қалыптастыру.
Жарыс барысында балалар ұлттық ойындар арқылы өздерінің ептілігін, шапшаңдығын, мергендігін және тапқырлығын көрсетті. Сонымен қатар, бір-біріне қолдау көрсетуге, топпен жұмыс істеуге, ауызбіршілік пен ұйымшылдыққа, әділдікке үйренді.
Ұлттық ойындар – халқымыздың асыл мұрасы, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан тәрбиенің қайнар көзі. Осындай іс-шаралар арқылы біз балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіріп, Отанға деген сүйіспеншілігін арттырамыз.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш, көк туымыз әрдайым биікте желбіресін!
Республика күні құтты болсын!