«Тұқымды тастама — табиғатқа мүмкіндік бер!» экологиялық акциясы аясында тәрбиеленушілер алма, жүзім, асқабақ және гүл тұқымдарын отырғызды.
Балалар тұқымдардың ерекшеліктері мен қасиеттерін зерттеп, олардың өнуіне қандай жағдайлар қажет екенін білді. Сонымен қатар болашақ өсімдіктерге қалай күтім жасау керектігін талқылады: уақытылы суару, жарықпен қамтамасыз ету және топыраққа қамқорлық жасау.
Практикалық іс-әрекет арқылы балалар табиғатты аялауды, жауапкершілікті және қоршаған ортаға қамқорлықпен қарауды үйренеді. Өйткені кішкентай ғана тұқым үлкен өмірдің бастамасы болуы мүмкін!
View the embedded image gallery online at:
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/t-rbie-yzmeti/562-t-ymdy-tastama-tabi-at-a-m-mkindik-ber.html#sigFreeIdba201147f9
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/t-rbie-yzmeti/562-t-ymdy-tastama-tabi-at-a-m-mkindik-ber.html#sigFreeIdba201147f9








