«Заң мен тәртіп» жобасы аясында ересек топтарда балалардың түрлі мамандық иелері болып табылатын ата-аналармен кездесуі өтті.
Балалар ересектер еңбегінің ерекшеліктерімен танысып, әр мамандықтың маңыздылығы туралы білді және қонақтарға қызығушылықпен сұрақтар қойды.
Осындай кездесулер балалардың еңбекке деген құрметін қалыптастырып, дүниетанымын кеңейтіп, мамандықтар әлемі туралы түсініктерін дамытады