Мектепалды топтарында «Гендерлік тәрбие» жоспары аясында «Жақсы мінез – әдептілік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты - жалпы адами нормалар мен ережелер негізінде балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру, мәдени мінез-құлыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағаты барысында тәрбиеленушілер әдептілік, сыйластық, қамқорлық және жақсы мінез туралы түсініктерін кеңейтіп, бір-бірімен мәдениетті қарым-қатынас жасауға үйренді.