Ортаңғы топтарда «Гендерлік тәрбие» жоспары аясында «Менің досыма ойыншық» атты шығармашылық көрме ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты — балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру, жалпы адами нормалар мен ережелерді меңгерту. Шығармашылық жұмыс барысында тәрбиеленушілердің жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктері ескеріліп, олардың шығармашылық қабілеттері дамытылды.

Балалар өз қолдарымен жасаған жұмыстарын қызығушылықпен ұсынып, өз еңбегіне және достарының шығармашылық жұмыстарына құрметпен қарап, ұқыптылық пен қамқорлық танытты.