«Айналайын» және «Арман» мектепалды топтарында Спорт апталығы өтті. Балалар спорттық ойындарға, эстафеталарға және қимылды жарыстарға белсене қатысып, өздерінің ептіліктерін, шапшаңдықтарын және ұйымшылдықтарын көрсетті.
Спорт апталығы балаларға көтеріңкі көңіл-күй, сергектік және көптеген жағымды әсер сыйлады. Салауатты өмір салтын насихаттауға атсалысқан тәрбиешілерге, ата-аналарға және бүлдіршіндерге алғысымызды білдіреміз!