Біздің балабақшада спорт апталығы аясында «Кішкентай тәртіп сақшылары» атты көңілді жарыс өтті.
Ересек топ тәрбиеленушілері ептілік, шапшаңдық және ұйымшылдықтарын көрсетіп, түрлі спорттық сайыстарға белсене қатысты. Балалар тәртіп сақшыларының батылдығы мен жауапкершілігін үлгі ете отырып, командалық рухта өнер көрсетті.
Жарыс барысында қатысушылар өздерінің күш-жігерін, тапқырлығын және спортқа деген қызығушылығын танытты.
Барлық бүлдіршіндерге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдіреміз!
Спорт – денсаулық кепілі!