«Қуаныш» логопедиялық тобында Отан қорғаушылар күніне орай балалармен патриоттық сезімді тәрбиелеуге және Отан қорғаушыларға құрмет қалыптастыруға бағытталған ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
Іс-әрекет барысында батырлық, ерлік және әскердегі қызметтің маңызы туралы танымдық әңгіме жүргізілді. Балалар «Отан қорғаушы» ұғымымен танысып, өз елін сүю, оған деген мақтаныш сезімі туралы ой бөлісті.
Тәрбиеленушілер патриоттық бағыттағы дидактикалық ойындарға белсенді қатысып, сондай-ақ Отанды қорғау және бейбітшілік тақырыбында сурет салып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Іс-әрекет жылы әрі достық атмосферада өтіп, балаларға жағымды әсер сыйлап, өз еліне деген мақтаныш сезімін қалыптастырды.