«Айналайын» мектепалды тобында «Ғарыш әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекет өтті.
Сабақтың мақсаты - балалардың ғарыш, Күн жүйесі және ғарышкер мамандығы туралы бастапқы түсініктерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын арттыру және ой-өрісін кеңейту.
Сабақ барысында тәрбиеленушілер Күн жүйесіндегі ғаламшарлармен танысып, ғарыш және ғарыштық зерттеулердің маңызы туралы білді. Балалар әңгімеге белсенді қатысып, сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Негізгі бөлімнен кейін шығармашылық жұмыс ұйымдастырылды: балалар Күн жүйесін және ғарышкерді мүсіндеді. Олар қиялдарын көрсетіп, үлкен қызығушылықпен еңбек етті.
Мұндай іс-әрекеттер балалардың танымдық қабілеттерін, қиялын және шығармашылық дағдыларын дамытуға ықпал етеді.