Бүгін бөбекжайымызда «Арман» және «Айналайын» мектепалды даярлық топтарында «Қош бол» балабақшам! атты ертеңгіліктер өтті. Іс-шараға ата-аналар шақырылып, өте тартымды да әсерлі, жоғары деңгейде болған мереке барлық қатысушыларға қуаныш, мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Құрметті балалар, сіздерді алғашқы бітіру мерекесімен құттықтаймыз және болашақта үлкен табыстар тілейміз. Балабақшаңызды, тәрбиеші-мұғалімдеріңізді және күтушілеріңізді ұмытпаңыздар, бізді ұмытпаңыздар, өйткені мұндай достықта болатын, жарқын, қызығушылық танытатын, көңілді балалар өсіп, дамыған кезде біз өте қуаныштымыз. Әрқашан солай болыңыздар! Алда сізді көптеген жақсылық, қуанышты, қызықты сәттер күтіп тұрсын!

Ақ жол сіздерге!Оқуда озат, қатарларыңыздың алды болыңыздар!