Бүгін, 28.03.күні, №115 ЖББМ базасында "Мектепке дейінгі білім беру:жетістіктері мен даму үрдістері" тақырыбында Қостанай қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтерінің съезі өтті. Бұл съезге біздің бөбекжайдан мұғалім- логопед Мухтарова Мерей Саматқызы "Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін ойын және мнемотехника арқылы дамыту" баяндамасын педагогтарға ұсынды. Көрме жұмысына да №17 бөбекжай қатысып, жалпы съез жұмысынан жақсы әсер мен пайдалы мағлұматтар алды.