2022 жылғы 1-5 наурызы аралығында №17 бөбекжайда 8 – наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай барлық жас топтарында аналарға арналған мерекелік ертеңгіліктер өткізілді. Ертеңгіліктер жоғары деңгейде ұйымдастырылған, әдістемелік және санитарлық талаптарға сай болды. Балалар ән шырқап, тақпақтарын жатқа айтып, би билеп, мерекеге сәйкес қызықты ойындар мен қойылымдар қойды. Балалар, педагогтар мен ата-аналарға ертеңгілік көтеріңкі көңіл-күй, шаттық сыйлады. Ертеңгілік соңында бүлдіршіндер ата-аналарына дайындаған сыйлықтарын ұсынды.