Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Қостанай қаласы бөлім бөлімінің №17 бөбекжайы» КМҚК жылдық жұмыс жоспарына сәйкес және Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында педагогтар арасында «Өз туған өлкеңді білесің бе?» викториналық конкурсы өтті.
Мақсаты: педагогтардың туған өлке, Қостанай облысы, Қостанай қаласы туралы білімдерін жаңғырту, жүйелеу, белсенділік, қызығушылықтарын арттыру. Конкурс өте тартысты, қызықты өтті. Педагогтар туған өлке туралы білімдерін жақсы көрсете білді. Тез, әрі дұрыс, көп мысал айтып белсене қатысқан педагогтар бөбекжайдың Мақтау қағазымен марапатталды.
Конкурс қорытындысы бойынша «Білгіштер» тобы жеңімпаз атанды.
Ұйымдастырылған конкурс барлық қатысушы педагогтарға ұнады, жақсы көңіл-күй мен шабыт сыйлады.
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/t-rbie-yzmeti/168-z-tu-an-lke-di-bilesi-be-viktorinaly-konkursy-tti.html#sigFreeIdd18418f189










