Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау қарсаңында Қостанай облысы әкімдігі Білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №17 бөбекжайы» КМҚК өзінің алғашқы, ашылғанына 5 жыл толу мерейтойын атап өтті. Осы азғантай уақыттың ішінде ауыз толтырып айтарлықтай жеңістеріміз бен жетістіктеріміз бар. Бұл осы бөбекжайда қызмет жасайтын педагогтар мен тәрбиеленуші бүлдіршіндер және олардың ата-аналарының ерен еңбегі. Бүгінгі таңда бөбекжайда білікті де білімді басшы Абишева Римма Каирбековна мен ұйымшыл да тұрақты құрамда педагогтар ұжымы қызмет етіп келеді.
2021 жылы Республика бойынша «Ең үздік балабақша» байқауында жүлделі ІІ орынды иемдендік. Республикалық, облыстық, қалалық байқауларда ұстаздарымыз бен тәрбиеленушілеріміз жүлдегерлер атанып келеді.
№17 бөбекжайымызды 5 жылдық мерей тойымызбен құттықтаймыз! Бөбекжайымызға алдағы уақыттарда алатын асулары мен бағындыратын белестері көп болсын, республикаға танымал, әрдайым халық сұранысына ие бола беруін, жаңа заман талабына сай қызмет жасай беруін, Отанымыздың болашақ білімді, тәрбиелі, патриот азаматтарын тәрбиелей беруін тілейміз!
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/t-rbie-yzmeti/167-e-zdik-balaba-sha.html#sigFreeId5e9783a878










