Хабарландыру
Мектепке дейінгі ұйымның бос лауазым конкурсын өткізу туралы
хабарландыру
Байқаудың басталу күні: 2025 жылғы 17 қыркүйек
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім
бөлімінің № 17 бөбекжай-бақшасы» КМҚК: Қазақстан Республикасы,
Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Қайырбеков көшесі, 391 бос
лауазымдарға орналасуға конкурс жариялайды:
мектепке дейінгі тәрбие және оқыту тәрбиешісі:
Логопед - мұғалім:
- орыс тілінде оқытатын топқа 1 бірлік (декреттік демалыс уақытында);
Біліктілікке қойылатын талаптар: тиісті бейін бойынша жоғары
педагогикалық (мектепке дейінгі) немесе кәсіптік білім;
Білуге тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан
Республикасының Еңбек кодексін, «Білім туралы», «Қазақстан
Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан
Республикасындағы тілдер туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
туралы», «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарын
және Қазақстан Республикасының бағыттары мен білім беруді дамыту
перспективалары, санитария және гигиена негіздері, Жас психологиясы мен
педагогикасы, мектепке дейінгі білім беру мәселелері бойынша Әдістемелік
құжаттар, еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникасына алғашқы медициналық
көмек көрсету қағидалары, санитариялық қағидалар, мектепке дейінгі тәрбие
мен оқытуды ұйымдастыру жөніндегі нормативтік - құқықтық құжаттар.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті
стандарттары, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың педагогикасы мен
психологиясының негіздері, Жас физиологиясы мен гигиенасы, балалардың
жеке басының дамуының жеке ерекшеліктері.
Барлық бос лауазымдар конкурсына қатысу үшін қажетті құжаттар
тізбесі:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін
құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен
электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты
тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген-Бар болса)
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға
қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың
көшірмелері;
5)еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен
бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама
(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579
болып тіркелген);
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі — ҰБТ)немесе педагог-
модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-
шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
«Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын
ұйымдар қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлеріне және
штат кестесіне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» ҚР Үкіметінің 31.12.2015
жылғы № 1193 қаулысына сәйкес еңбек сіңірген жылдары мен санатына
қарай лауазымдық жалақысы.
Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіптік даярлық
деңгейіне қатысты қосымша ақпарат бере алады (біліктілігін арттыру туралы,
аттестаттаудан өту туралы, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы
құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ алдыңғы
жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары және т.б.).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар ресми сайтта конкурс өткізу
туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде
ұсынылуға тиіс:
https://www.instagram.com/kst_17_balabaqsha/
https://kostanay-17sad.gow.kz/
Анықтама телефоны: 55-26-50;
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.







