Мектепке дейінгі ұйымның бос лауазымдық орындарына байқаудың өтуі туралы хабарландыру!
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің «№17 бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қайырбеков көшесі 391 мекен-жайында тәрбиешілердің қызметін атқаратын бос орындарға конкурс жариялайды.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мамандығы бойынша (7 тәрбиеші, 1 логопед)
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
1) конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасы нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (болған жағдайда);
Лауазымды жалақысы еңбек өтіліне және санатына байланысты штат кестесіне сәйкес.
Конкурсқа қатысушылар оның біліміне, еңбек өтіліне, кәсіптік даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілікті арттыру, аттестаттау, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, ғылыми жарияланымдар, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан басшылықтың ұсынымдары) ұсына алады. жұмыс және т.б.).
Е-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Байланыс телефоны: 87142-55-61-25; 87142-55-26-50










