Өрт қауіпсіздігі бойынша іс-шараларды іске асыру аясында 2026 жылғы 08 маусымда №17 бөбекжай-бақшасында Қостанай қаласы ТЖБ қызметкерлерінің қатысуымен өрт-техникалық сабағы өткізілді.
Сабақтың мақсаты – өртке қарсы қызмет бөлімшелері мен гарнизондарын күрделі жедел жағдайларда сауатты әрі үйлесімді іс-қимыл жасауға даярлау, сондай-ақ қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету дайындығын арттыру болды.
Іс-шара барысында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт туындаған кездегі қызметкерлердің іс-қимыл тәртібі, бастапқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану қағидалары, адамдарды ғимараттан эвакуациялау алгоритмі және шұғыл қызметтермен өзара іс-қимыл мәселелері қарастырылды.
Өткізілген сабақ қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі саласындағы білім деңгейін арттыруға және өрт туындаған жағдайда әрекет ету бойынша практикалық дағдыларын жетілдіруге ықпал етті.







