Жол қауіпсіздігі бойынша тақырыптық апта
Бүгін «Біз — жолаушылар» тақырыбы өтті
Балалармен қоғамдық және жеке көліктегі тәртіп ережелері туралы әңгіме жүргізілді. Тәрбиеленушілер көлікте өзін қауіпсіз әрі мәдениетті ұстау ережелерімен танысты.
«Автобуспен саяхат» ойын жағдаяты барысында балалар жүргізуші, кондуктор және жолаушы рөлдерін бөлісіп ойнап, қоғамдық көліктегі тәртіп ережелерін сақтауды үйренді.
Сонымен қатар тәрбиеленушілер «Менің отбасымның көлігі» атты сурет байқауына қатысып, өз шығармашылықтарын көрсетті.
Іс-шара барысында балалар «жолаушы» және «жаяу жүргінші» ұғымдарын бекітіп, зейінін, шыдамдылығын және мәдениетті қарым-қатынас дағдыларын дамытты.
https://sad17-kst.edugov.kz/kz/auipsizdik/540-biz-zholaushylar.html#sigFreeId3aec16fdd7







