Жол қауіпсіздігі бойынша тақырыптық апта

Бүгін, сәрсенбі күні, «Жаяу жүргінші әліппесі» тақырыбы өтті

Балалармен «Жолдан қалай дұрыс өту керек?» тақырыбында тәжірибелік сабақ өткізілді. Тәрбиеленушілер «зебра» жаяу жүргіншілер жолағын пайдалана отырып, бағдаршамсыз жолдан өту ережелерін бекітті.

«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер» сюжеттік-рөлдік ойыны барысында балалар өз рөлдерін дұрыс орындап, жол қозғалысы ережелерін сақтауды үйренді.

Сонымен қатар тәрбиеленушілер жол қауіпсіздігі туралы танымдық мультфильмдер көріп, алған білімдерін қызықты түрде бекітті.

Осындай іс-шаралар балалардың тәртіпті әрі жауапты жаяу жүргінші болуына тәрбиелейді