№17 б/б қамқоршылық кеңесінің №1 хатттамасы
01.10.2020 ж.
қ. Қостанай.
Қатысқаны: 12 адам
Қатыспағандар: Директор – Абишева Р.К.,әдіскер –Ахметова А.К., «Жидек» кіші тобынан Мырзабаева Данагуль Базарбаевна, «Арай» мектепалды даярлық тобынан Шакратова Галия Болатовна, «Достық» кіші тобынан Гирш Ксения Викторовна, «Бұлақ» ортаңғы тобынан Баймухамбетова Мадина Мартаовна, «Мерей» ортаңғы тобынан Тулегенова Жанат Ильясовна, Қуаныш» ортаңғы логопед тобынан Резникова Светлана Леонидовна, «Бәйтерек» кіші тобынан Досова Зарина Армановна, «Айналайын» ересек тобынан Шалимова Алина Александровна, «Құлыншақ» мектепалды даярлық логопед тобынан Жданова Кристина Юрьевна, «Қошақан» мектепалды даярлық Кожахметова Жания Тулешовна, «Арман» ересек Аубакирова Назгуль Тукебаевна, «Қызғалдақ» Ибраева Раушан қамқорлық кеңесінің председателі, ата-аналардан -12 адам қатысты.
Күн тәртібі
- 2020-2021 оқу жылына қамқоршылық кеңесінің жоспарын құру және бекіту.
- 2020-2021 оқу жылына қамқоршылық кеңесі құрамын бекіту.
- Тәрбиеленушілер ата-аналарының коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға байланысты шараларды сақтауы.
Бірінші сұрақ бойынша қамқоршылық кеңесінің төрайымы Шалимова А.А. сөз сөйледі. Ол қамқоршылық кеңесінің функциялары туралы айтып беріп, қамқоршылық кеңесі құрамын 2020-2021 оқу жылына ҚК жұмысы жоспарымен таныстырды. Жалпы дауыс берумен жоба негізге алынды және бекітілді.
Екінші сұрақ бойынша бөбекжай-бақша директоры Абишева Р.К. сөз сөйледі. Ол карантин кезіндегі ережелерді сақтау бойынша мәселеге тоқталып өтті. Бірінші-бұл барлығының, қызметкерлер мен ата-аналардың маска киіп жүруі, екінші- бұл таңертең және кешке әлеуметтік ара-қашықтықты сақтау, үшінші-бұл зарарсыздандырғыштарды қолдану.
Қостанай облысы бойынша санитарлық дәрігер В.Нечитайлоның 2020 жылғы 30 тамыздағы №48 қаулысына сәйкес кезекші топтардың жұмысы туралы айтып берді, мектепке дейінгі мекемелерде тек қана кезекші топтарға ғана жұмыс істеуге рұқсат (15 баладан артық емес), кезекші топтар ата-аналар мен олардың заңды өкілдерінің жеке өтініштері негізінде құралды. Басымдылық екі ата-анасы да жұмыс істейтін, баланы ешкіммен тастайтай алмайтын отбасыларға берілді. Бала баратын топ толып кеткен жағдайда басқа топтан орын ұсынылды. 2020 жылғы 13 тамыздағы №345 бұйрықпен таныстырды, оған сәйкес ата-аналар немесе заңды өкілдері балаларды санитарлық қауіпсіздік құралдарымен: қол орамалдармен, сулы антибактериалды сулықтар мен маскалармен (5-жастан) қамтамасыз етулері қажет. Балаларды мектепке дейінгі мекеменің кіре беріс есіктеріне дейін әкеледі, тәрбиешілер балаларды есік алдында қарсы алады да ары қарай топқа алып кетеді. Оқу күні аяқталған соң тәрбиеші (тәрбиешінің көмекшісі) балаларды шыға беріске дейін шығары салады, ата-аналар алып кетеді.
Шешімі:
- 2020-2021 жылдарға қамқоршылық кеңесінің жұмыс жоспары негізге алынсын.
- Қамқоршылық кеңесі құрамын бекітілсін.
Коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмауға қатысты шектеуші шаралар кезеңінде барлық шараларды қадағалаңыз: маска режимін сақтау, әлеуметтік арақашықтық, зарарсыздандырғыштарды қолдану, баланың температурасын күнделікті өлшеу.
ҚК төрағасы ________________ Г.Есеева
Хатшы _________________ А.Шалимова










