«Бекітемін»
директор:__________Абишева Р.
«21» қаңтар 2019 жыл
«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 бөбекжай – балабақшасы» МКҚК
Қамқорлық Кеңестің Ережесі
Бөбекжай-бақшасындағы Қамқорлық кеңестің қызмет ережесі
ҚР «Білім туралы» Заңның 44 баптың 9 тарауына сәйкес құрастырылған, 27 шілде 2017ж. № 355 ҚР білім және ғылым Министрдің бекітілген бұйрығы, бөбекжай – бақшасының Жарғысына сүйене отырып өзін-өзі басқару түрлерін дамуын жалғастыру мақсатында БМ қызмет қамтамасыз ету үшін бюджеттік емес қосымша қаржылық қорларды қатыстыру.
- Жалпы ережелер:
- Қамқорлық Кеңес /әрі қарай – Кеңес/№17 бөбекжай-бақшасының алқалы басқарудың бір түрі және өз қызметін келесі кезеңдер арқылы құрайды:
- өз еріктік мүшелік;
- Кеңес мүшелерінің теңдігі;
- алқалы басшылық;
- шешімдердің ашық қабылдауы;
- Кеңес өз жұмысында ҚР заңдарына, бөбекжай-бақшасының Жарғысына, осы ережемен және басқа заңдылық әрекеттеріне сүйене қолданылады.
- Кеңестің мақсаттары мен міндеттері.
Кеңес қызметінің негізгі мақсаттары:
- Мектепке дейінгі тәрбие мен білімнің сапасын жақсарту;
- Тәрбие-білім процесіндегі барлық қатысушылардың құқықтары мен қызуғышылықтарын қорғау;
- МБМ дамуына және жұмыс қызметін қамтамасыз ету үшін ақпараттық,интеллектуалдық, қаржылық ресурстарды қатыстыру
Кеңестің міндеттері:
- МБМ жарғы функцияларын іске асыруына жәрдемдесу;
- МБМ әрі қарай дамуына жәрдемдесу;
- тәрбие-білім процесінде педагогтардың, ата-аналардың, балалардың жұмыс қарым-қатынасына қолайлы жағдайларды жасауға қатысу;
- балалардың шығармашылық, интеллектуалдық және рухани қабілеттерінің дамуына жағдай жасау;
- балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың денсаулығын қорғауға көмектесу;
- қосымша білім алуға жағдайлар жасау, тәрбие-білім процесінің жұмыстарын іске асыруға көмектесу;
- оқу-әдістеме кешенінде материалдық-техникалық бекітуді қамтамасыз етуге көмектесу
- бөбекжай-бақшасындағы педагогтардың қаржылық қолдауын қамтамасыз ету;
- әлеуметтік серіктестіктің дамуына, пайда болуына жәрдемдесу.
III. Қызметтің заты.
Кеңес қызметінің заты болып есептеледі.
3.1. білім процесінде қатысушылардың құқықтарды орындауын бақылауға көмектесу;
3.2. ішкі тәртіп ережелерін құрастыруға көмектесу;
3.3. кадрлық потенциалдың қалыптасуында қатысу;
3.4. МБМ даму бағдарламасы мен құқық, қаржылық тағы басқа білім бағдарламаларын қамтамасыз етуге қатысу;
3.5. мектепке дейінгі балалардың салауаттық өмірлерін қалыптасуына жағдайлар жасау, балалардың қызығушылық пен құқықтарын қорғау;
3.6. педагогикалық қызметкерлердің біліктіліктерін көтеруіне көмектесу;
3.7. МБМ іс-шараларды ұйымдастыруға жәрдемдесу;
3.9. МБМ жан-жақты және қайырымдылық жағынан көмек көрсету:
- бюджеттік емес құралдарын тарату және олардың мақсаттық қолдану бақылауын іске асыру;
- жаңашыл, тәжірибелі және шығармашылық ынталандыру жұмыстарында қатысу;
- қызметкерлер мен балаларға материалдық көмек ұсыну сұрақтарын қарастыру.
3.10. Заңды әрекетімен тыйым салынбаған басқа қызмет түрлері.
IV.Кеңестің мүлік пен қаражаты
4.1. Кеңестің қаражат құралдары заңды мен физикалық тұлғалардың еркін жарналарынан қалыптасады және басқа заңмен тыйым салынбаған кірістер.
4.2. Қаражат құралдары ұйымдастырылған балалар қоғамының есепшотына түседі
4.3. Қаражат құралдары Кеңеспен мақсат пен міндеттердің іске асыруына бағытталады;
4.4. Кеңес өз салушуларын қаражат құралдарының қолдануы туралы хабарландырады.
- Кеңестің тізімі
5.1. Кеңес тізімі МБМ тәрбие алып жатқан балалардың ата-аналары мен ұйымдастырушының бастамасымен жалпы жиналыста құрылыды;
5.2. Кеңестің тізіміне мектепке дейінгі балалардың ата-аналары, мемлекеттік мүшелерінің, қоғам ұйымдардың өкілдері жеке мекемелердің мүше өкілдері, ғылыми және кәсіпкер орталары, бұқаралық ақпарат құралдары, физикалық тұлғалар, заңды тұлғалар, педагогикалық қызметкерлер, демеушілер т.б.
5.3. МБМ директоры міндетті түрде Кеңестің мүшесі болып саналады;
5.4. Кеңестің шешімі бойынша тізімге шақырылған және МБМ дамуына үлес қосатын тұлғалар да кіреді;
5.5. Кеңес тақ мүшелер саннан құралады;
5.6. Кеңестің жеке және есептік тізімі МБМ жалпы ұжым мен ата - аналар жиналысында, жұртшылық енгізген кандидатура ұсыныстары бойынша анықталады;
5.7. Кеңес жаңа мүшелерді қабылдауға және Кеңестен белсендік танытпаған тұлғаларды шығаруға құқығы бар;
5.8. Кеңес мүшелерінің сенімділік уақыты Кеңеспен жеке анықталады;
5.9. Кеңес мүшелерінің функционалдық қызмет атқаруы негізгі жұмыстан босатусыз орындалады
- Кеңестің құрылымы.
6.1. Жалпы жиналыс – басқарудың жоғарғы мүшесі, оның қызметі бойынша шешімдерді қабылдауға құқықты.Жалпы жиналыс:
- Кеңестің төрағасы мен хатшысын сайлайды;
- Кеңес қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды;
- жеке және тұрақты комиссия тізімін анықтайды;
- Кеңес қызметінің тоқтату сұрақтарын шешеді.
Кеңестің отырыстары қажетті жағдайларда ғана өткізіледі /жылына 1 рет/
Шешімдер қатысқандардың көпшілік дауыстарымен қабылданады.Әрбір Кеңес мүшесі бір дауысқа ғана құқығы бар.Теңдік болған дауыстарда Кеңес төрағасының дауысы шешуші болады. Жиналыстар мен Кеңестің шешімдері хаттамамен толықтырып, төрағаның қолымен бекітіледі.
6.2. Кеңестің төрағасы.
қызмет мерзімі - 3жылға дейін, егерде Кеңестің ерекше басқа мерзіммен бекітілмесе.
Кеңестің төрағасы:
- қоғам бастауларында өз міндетін орындайды;
- отырыстарды өткізеді және Кеңес қарастыратын сұрақтарды шешуге жалпы басшылық етеді;
- Кеңес жұмысының жоспарын жасауға, бекітуге және отырыстардың өткізу мерзімі мен тәртібін ұйымдастырады;
- уақытша және тұрақты ұжымдарды құруға енгізеді
/Кеңестер, комиссия/
- сарапшыларды оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру бойынша білікті шешімді қабылдауға әр түрлі бағыттағы мамандарды қатыстырады
- тәрбие мен оқыту саласы бойынша халықаралық қызметтестіктің белгілеуі мен дамуына көмектеседі;
- сенім арнайысыз Кеңестің атынан іс-әрекет жасайды;
- Кеңестің жұмысы туралы жылдық есепті дайындайды;
- Бөбекжай-бақшасының әкімшілігімен байланысты қамтамасыз етеді;
- Кеңесті мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың алдында ұсынады;
- Кеңес Қазақстанзаңдылықтарына және осы Ережеге сәйкес өз жұмысын ұйымдастырып, басқарады;
- Кеңеспен қабылданған шешімдерге қолын қояды.
6.3. Хатшы міндетіне кіреді:
- Кеңес отырыстарын ұйымдастыру;
- Кеңес құжаттарын жүргізу мен дайындау жұмыстарын қамтамасыз ету;
- Кеңес шешідерін безендіреді;
- Кеңес жұмысының жылдық есебін дайындайды және келесі жылға Кеңес жұмысының кестесі мен жоспар бойынша ұсыныстарды дайындайды.
VII. Кеңестің құқықтары.
Кеңестің құқықтық мәртебесі осы Ережемен анықталады.
Кеңестің құқықтары:
- білімді қолдайтын қоғамдық қайырымдылық қорын құру;
- бюджеттік ,емес қаржылық құралдарын қолдануын бақылау;
- «Бөбекжай-бақшасының» әкімшілігімен келісве отырып МБМ қызметкерлеріне сыйлықтар мен қосымша ақыларды тарату;
- демеушілер арасында қосымша қаржылық құралдарды қатыстыру мақсатымен жұмыс жүргізу;
- балалармен мемлекеттік білім станадартын менгеруі, мемлекеттік білім бағдарламасын орындауы, МБМ дамуы бойынша МБМ әкімшілігін тыңдау;
- МБМ жылдық жұмыс жоспарын құруында қатысу;
- Кеңес қызметі туралы АЖҚ хабарландыру;
- өз шешімдерін іске асыру бойынша тұрақты және уақытша комиссияларды құру;
- әкімшілікпен белгіленген МБМ бөлме-орындарын қолдану
VIII. Кеңестің міндеттері.
Кеңеске келесі міндеттер жүктеледі:
- МБМ қызметінде мақсат пен міндеттерді іске асыру үшін бюджеттік емес құралдарын тиімді қолдану;
- Білім прцесін сапасын көтеру мақсатында қатысушыларды ынталандыру;
- Кеңестің осы Ережесіне жүктелген міндеттердің орындалуын сақтау;
- өз қызметінің жылдық қаржылық нәтижесіне есеп беру.
- Кеңестің есептілігі.
Жылдық қаржылық нәтижесі бойынша тексеріс комиссиясы құрылады.Тексеріс комиссия – Кеңес қызметінің қаржылық - шаруашылық құралдарын тиімді және заңды қолдануды бақылауын қамтамасыз ететін мүше. Тексеріс комиссия Кеңестің жалпы жиналысында, оның мүшелері мен қоғам өкілдерінің қатысуымен тағайындалады.
- Кеңес қызметінің тоқталуы.
Кеңес қызметінің тоқталу себептері:
- Кеңестің бастамасы бойынша;
- МБМ қайта құрылуы мен таратуы.










