«Адал азамат – біртұтас бағдарлама» аясында «Арай» тобында «Өрнекпен танысу» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында балалар қазақтың ұлттық өрнектерімен танысып, олардың мағынасы мен ерекшеліктері туралы мәлімет алды. Балалардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығы артып, шығармашылық қабілеттері дамытылды.