Бүгін №17 бөбекжай-балабақшамызда «Адал азамат» бағдарламасы аясында тәрбиешілер арасында ұлттық «Бестемше» ойынынан сайыс өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты – адалдықты, әділдікті, ұлттық құндылықтарды құрметтеуді қалыптастыру және насихаттау. Қатысушылар өздерінің шеберліктерін, стратегиялық ойлау қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, өзара сыйластық пен әділ ойын үлгісін танытты.

Сайыс жылы әрі достық атмосферада өтті. Осындай іс-шаралар ұлттық ойындарды дәріптеуге, әріптестік байланысты нығайтуға және жас ұрпақты «Адал азамат» рухында тәрбиелеуге үлкен үлес қосады.

Барлық қатысушыларға белсенділіктері мен кәсібиліктері үшін алғыс білдіреміз!