"Құлақтан кіріп бойды алар,Әсем ән мен тәтті күй...." деп Абай атамыз айтқандай Балалар жылына орай 17 мамырда бақшаішілік балалардың әншілік қабілетін, шығармашылығын дамыта отырып,өнерге қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған "Әнші балапан " байқауы өтті. Байқауға ортаңғы, ересек, мектепалды даярлық топтарының балалары қатысты. Қатысушыларға жүлделі орындар мен мақтау қағаздары табысталды.