Бүгін 2022 жылғы 19 сәуір күні, «Қостанай қаласы білім бөлімінің №7 бөбекжайы» КМҚК базасында  №17 және №7 бөбекжайлар арасындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жоспарына сәйкес «Балабақшадағы жоба қызметі» тақырыбында өзара іс-тәжірибе алмасу кездесуі өтті. Онда №7 бөбекжай педагогтары өз жұмыстарындағы орындаған әртүрлі тақырыптағы жоба түрлерімен әріптестерін таныстырды. «Где живет Капелька?», «Мой Казахстан», «В гостях  у сказки», «Көктем», «Жыл мезгілдері», «Менің балабақшам», «Сүйікті қалам», «Наурыз» т.б., тақырыптардағы жоба жұмыстары өте тартымды, қызықты, мазмұнды, пайдалы болды. Тәрбиешілер іс-тәжірибе алмасу кездесуінен керемет әсер алып, әріптестер бір-біріне шығармашылық табыс,  ынтымақтастық, сәтті де жаңашыл идеялар иесі бола берулерін  тіледі.