Ұлы Жеңістің мерейлі 76 -шы көктемі қандай шуақты десеңші! Жыл сайын майда мамырмен келетін осынау мереке — мейрам әрбіріміз үшін сондай маңызды. Ұлы Жеңістің Туы ешқашан еңкеймей , ешқашан құламайтынын естен шығармауымыз қажет. Жеңіс күні 9 мамыр -бүкіл дүниежүзі бойынша үлкен мереке. Қостанай қаласының №17 бөбекжай-бақшасы жыл сайын ерекше атап өтеді.Мұндағы мақсат балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге,қорғауға патриоттық сезімдерін оята отырып, өз елін, өз жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат тәрбиелеу.










