Ағымдағы 2021 жылдың 21 сәуірінде  «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №17 бөбекжай-бақшасы» МКҚК –да «Мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытуда дамыта оқыту технологиясының элементтерін қолдану жолдары» тақырыбында мектепке дейінгі мекемелердегі мектепалды даярлық топтары тәрбиешілерінің әдістемелік бірлестігінің онлайн отырысы өткізілді. Семинарда 33 педагог қатысты.Тәжірибелі тәрбиеші Баймуханова Айсұлу Серікқызы «Таным» білім беру саласы бойынша «Математика негіздері» пәнінен «Қызықты математика әлемі» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін көрсетті.

 

«Театрландырылған қызмет-мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту құралы» тақырыбында  тәрбиеші Жайлибаева Жанна Адиатовна өз іс-тәжірибесімен бөлісті және өз тәрбиеленушілерімен «Бес ешкі» қазақ халық ертегісін сахналады.

 

Рефлексия ретінде бөбекжай-бақша психологы Мазурок Н.В. «Сен үшін қазір не қажет?» Ойын-тестін өткізді.