Баланың құқықтарын құрметтеңіз: Отбасы – баланың алғашқы әлеуметтік ортасы. Оның пікірін тыңдау, жеке тұлға ретінде санасу – ата-ананың басты міндеті.
Ата-ана жауапкершілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша әрбір ата-ана баласының денсаулығына, қауіпсіздігіне және сапалы білім алуына жауапты.
Үлгі көрсету: Заңды сыйлау және ережелерді сақтау отбасынан басталады. Бала үйдегі тәртіп пен ата-анасының әрекеті арқылы қоғам заңдарын қабылдайды.









