Кіші "Арман"топта 25 қазан – Республика күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Бүлдіршіндеріміз мемлекеттік Әнұранды тыңдап, Көк туымызға құрмет көрсетті. Тәрбиеленушілер кішкентай қолдарымен Тудың бейнесін жапсырып, Отан туралы алғашқы тақпақтарын айтты. Іс-шара соңында балалар көңілді ойындар ойнап, мерекелік қуанышқа бөленді.
Бұл шара балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен туған жерге деген мақтаныш сезімін оятты!








