«Қызғалдақ» мектепалды тобында Қазақстан Республикасының күніне арналған мерекелік іс-шара өтті!
Балалар мерекеге қуана қатысып, Отан туралы әндер айтып, би билеп, көтеріңкі көңіл күйге бөленді. Іс-шара балаларға ерекше қуаныш сыйлап, туған елге деген сүйіспеншілігін арттырып, Қазақстанға деген мақтаныш сезімін қалыптастыруға ықпал етті.
Еліміз өркендеп, болашағымыз жарқын болсын!









