Здравствуйте! Ясли сад 17город костанай в раздел тәрбиеші құзметі и воспитатель ская деятельности с этим текстом
«Заң мен тәртіп» жобасы аясында ортаңғы топтарда «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында сюжеттік-рөлдік ойындар өтті
«Бәйтерек» ортаңғы тобында балалар мамандықтарға байланысты карточкалар мен заттар арқылы дидактикалық ойындар ойнап, ересектердің еңбегі туралы білімдерін бекітті.
Сурет салу барысында дайын үйді қызыл түсті «кірпіштермен» безендіріп, кейін үлкен текшелерден үйлер құрастырды. Балалар қиялын дамытып, бірлесіп жұмыс жасау дағдыларын жетілдірді.
«Жидек» ортаңғы тобында балалар «даяшы» мамандығымен танысып, сюжеттік-рөлдік ойын арқылы еңбекке құрмет сезімін қалыптастырды.
Ойын барысында балалардың ойлау, қиялдау, сөйлеу қабілеттері дамып, мамандықтар туралы түсініктері кеңейді.
«Достық» ортаңғы тобында «Дүкенші» сюжеттік-рөлдік ойыны ұйымдастырылды.
Балалар сатушы мен сатып алушы рөлдерін ойнап, қарым-қатынас жасау және өзара әрекеттесу дағдыларын дамытты.







