Мектепалды «Арман» және «Айналайын» топтарында «Зан және тәртіп қөрғаушылары» атты саптық шеру өтті
Мектепалды «Арман» және «Айналайын» топтарында «Зан және тәртіп қөрғаушылары» атты әсерлі әрі мазмұнды саптық шеру өтті.
Балалар іс-шараға зор ынтамен қатысып, саптық дайындықтарын, ұйымшылдықтары мен командалық рухтарын көрсетті. Кішкентай қатысушылар өздерін нағыз ел қорғаушыларындай сезініп, мақтанышпен сап түзеп жүріп өтті.
Осындай іс-шаралар балалардың бойында отансүйгіштік сезімді, жауапкершілікті және тәртіпке деген құрметті қалыптастырып, тәртіптілік пен бірлікті нығайтады.
Біз кішкентай батырларымызды мақтан тұтамыз!







