Мектеп алды даярлық "Арман" тобының балалары 1 мамыр – Бірлік күніне арналған іс-шара өткізді. Мерекелік шара барысында балалар әртүрлі ұлттардың достығы мен татулығын дәріптеп, ән айтып, би биледі, тақпақтар оқыды. Іс-шараның мақсаты – бүлдіршіндердің бойына достық, сыйластық және бірлік құндылықтарын сіңіру. Балалар мерекені көтеріңкі көңіл-күймен қарсы алып, өз өнерлерін көрсетті.







