Ортаңғы «Бәйтерек» тобында «Отбасы» тақырыбында әңгіме өткізілді. Әңгіме барысында балалар отбасы туралы түсініктерін кеңейтіп, оның маңызы мен әрбір отбасы мүшесінің рөлі туралы білді. Гендерлік тәрбиеге ерекше көңіл бөлініп, ұлдар мен қыздарға деген құрмет, өзара көмек көрсету дағдылары қалыптастырылды.

Сонымен қатар, отбасылық демалыс пен бірге уақыт өткізу туралы әңгіме жүргізілді. Балалар өз отбасыларымен қалай уақыт өткізетіндері жайлы бөлісіп, бұл олардың отбасылық құндылықтарын нығайтуға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және жағымды эмоциялар алуға ықпал етті.