Ортаңғы «Бәйтерек» тобында «Ғарышкерлер күні» тақырыбына арналған қызықты ұйымдастырылған іс-әрекет өтті. Ойын барысында балалар ғарышпен, планеталармен және ғарыш нысандарымен танысты. Алдымен балалар қызығушылықпен ғарыш тақырыбындағы пазлдарды құрастырып, логикалық ойлауын, зейінін дамытты.

Содан кейін балалар аппликация жасап, «Ғарыш» композициясын құрастырды: планеталарды, күнді және зымыранды орналастырып, элементтерді дұрыс орналастыруды үйреніп, шығармашылық қиялын көрсетті.

Соңында ұсақ моториканы дамытуға арналған ойын өткізілді: пинцет көмегімен балалар күріштің ішінен планеталар, күн және зымыран бейнелерін алып шықты. Бұл тапсырма қимыл-қозғалыс үйлесімділігін, төзімділікті және зейін қою қабілетін дамытуға ықпал етті.

Іс-әрекет барысында балаларда ғарыш туралы түсініктер қалыптасып, танымдық қабілеттері, шығармашылық ойлауы және қоршаған әлемге деген қызығушылығы дамыды