«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Бәйтерек» ортаңғы тобында шығармашылық элементтері бар ойын іс - әрекеті ұйымдастырылды. Балалар табиғи материалдармен жұмыс жасады: бұтақтар мен пластилинді пайдаланып, жасыл жапырақтар жасап, өз композицияларын безендірді.
Іс - әрекет барысында балаларда экологиялық мәдениет пен табиғатқа ұқыпты қарау дағдылары қалыптастырылды. Тәрбиеленушілер қоршаған ортаның сұлулығын байқауға, өсімдіктерді қорғаудың және табиғат тазалығын сақтаудың маңызын түсінуге үйренді. Сонымен қатар ұсақ моторикасы, шығармашылық ойлауы, ұқыптылығы мен төзімділігі дамыды.
Ерекше назар балалардың еңбекқорлығын тәрбиелеуге, ұжыммен жұмыс істеуге, бастаған істі соңына дейін жеткізуге және өз еңбегінің нәтижесіне қуана білуге аударылды.