“Арай” кіші топ бүлдіршіндерінің “Ана-асыл жан” атты  ертеңгілігі!
Балаларға 8 наурыз мейрамы туралы түсінік беру,аналарын сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.
Мерекелік көңіл-күй орнату.

Ертеңгілік барысында балалар аналарына арналған өлеңдерін айтып, ән тыңдап,қарапайым би қимылдарын орындады. Сонымен қатар мерекеге байланысты шағын ойындар ойнатылып,балалардың белсенділігі арттырылды.

Мерекелеріңізбен,Аяулы жандар!