«Бәйтерек» ортаңғы тобында «Дүкен» сюжеттік-рөлдік ойыны ұйымдастырылды.

Балалар сатушы мен сатып алушы рөлінде болып, ойыншықтарды таңдап, «сатып алды».

Ойынның мақсаты – гендерлік рөлдер туралы түсініктерін қалыптастыру, бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу және өз таңдауын жасай білу дағдыларын дамыту.

Ойын барысында тәрбиеленушілер әртүрлі ойыншықтарды қарап, олардың қыздарға немесе ұлдарға ұнауы мүмкін екенін талқылады. Сонымен қатар балаларға әрбір бала ойыншықты өз қалауы бойынша таңдай алатыны, достарының таңдауын құрметтеу маңызды екені түсіндірілді.