«Бәйтерек» орта тобында Халықаралық кітап беру күніне орай акция өтті.

Балалар топтың кітап бұрышынан өздеріне ұнаған кітапты таңдап, бір-біріне беріп, не себепті осы кітап ұнайтынын айтып отырды. Балалар суреттерді қызығушылықпен қарап, кітапты ұқыпты ұстауды және достарымен бөлісуді үйренді.

Одан кейін балалар «Забинтуй книгу» акциясына қатысып, жыртылған кітаптарды ұқыпты түрде жөндеді: беттерін және мұқабаларын жапсырды.

Іс-шара балалардың кітапқа деген ұқыпты қарым-қатынасын қалыптастыруға, қарым-қатынас дағдыларын дамытуға және ұжыммен жұмыс істей білуге ықпал етті.