Мектепалды «Айналайын» тобында адамгершілік-патриоттық тәрбиеге арналған оқу іс-әрекеті өтті.

Балалар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, олардың маңызымен танысты.

Тәуелсіздік күні, елордамыз Астана, қалалар мен ауылдар, қазақ халқының салт-дәстүрлері мен киіз үйдің құрылымы туралы білімдерін кеңейтті.

Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелейміз.