Жыл сайын елімізде дәстүрлі түрде Өзін- өзі тану аптасы өткізіліп отырады. 11.02.2022 ж. Мектеп алды даярлық "Арман" тобында Өзін-өзі тану пәнінен "Сүйіспеншілік жолындағы өмір» тақырыбында сабақ өтті. Мақсаты: қайырымдылық сезіміне тәрбиелеу. Әлемге риясыз қызмет ету дағдыларын дамыту. Адамдардың әрекеті арқылы махаббаттың жалпы адамзаттық құндылығы туралы балалардың түсініктерін тереңдету. Топ шарлармен безендірілген. Сабақ барысында Патшалық еліне қонаққа барып ханшайыммен кездесті. Саяхаттай отырып балалар мейрімділікке, қоршаған ортаға сүйіспеншілікпен қарауға, бір-біріне сыйластық танытуға үйреніп, барлық жақсы қасиеттерді бойларына сіңірді. Сабақ соңында "хош иіс құтысы"арқылы бір-біріне жүректен шыққан жылы лебіздерін білдіріп, жеміс ағашына жылы лебіздерін жүрекше-жапырақ түрінде табыстады. Тәрбиешілер: Баймуханова. А.С., Уайсова Г.Х.