2023 жылдың 14 ақпанда №17 бөбекжайымыздың базасында «Ханталапай» қалалық балалар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты қазақ халқының ұлттық ойындары арқылы балалардың ептіліктерін, тапқырлығын дамыту, логикалық ойлауын дамыту болып табылды. Байқауға мектепке дейінгі ұйымдардың 4-6 жас аралығындағы балалар қатысты. Бұл ойын асықтардың шығу тарихымен таныстырады, достыққа, ұйымшылдыққа үйретеді, дәлдікті дамытады, отансүйгіштікке, қарсыласын құрметтеуге тәрбиелейді. Біздің мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндеріміз ханталапай ойнау арқылы сергектік пен жағымды көңіл-күйге ие болады. Бүгінгі ойынның нәтижесінде балалар Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының «Қостанай қаласының білім бөлімі» ММ-нің мақтау қағаздарымен және сыйлықтарымен марапатталды. Ең жоғары ұпай жинаған («Айгерим-ай» балабақшасы-51 балл, №17 бөбекжай-50 балл, №40 бөбекжай-43 балл.) байқаудың финалына өтті. Бөбекжай педагогтары мен тәрбиеленушілерін жеңісімізбен құттықтаймыз! Финалда жүлделі орын аламыз деген үміттенеміз!