“Бәйтерек” ересек тобында Республика күніне арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балалардың туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мерекелік шара барысында балалар Отан туралы тақпақтар айтып, ән шырқап, би билеп, қызықты ойындарға қатысты.